АО ДСБ "Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы" ШЖҚ Абай облысы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 1973 жылдан бастап жұмыс істейді (бастапқыда ет комбинатының медсанбөлімі ретінде). Бұрынғы уақытта аурухананы Ю. А. Зырянов, Г. Г. Ныгматуллина, И. В. Фоменко, В. Г. Грицаенко, Галина Александровна Бербер, Николай Васильевич Мантлер, Анатолий Вениаминович Соколов, Мұхаметкәрім Кәрімұлы Оразбаев, Альмурат Соланович Рыспаев басқарды. Қазіргі уақытта аурухананың бас дәрігері-Шамшин Ержан Мағыпарұлы.
№1 қалалық аурухана мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) көрсетеді:
- тәулік бойы болатын төсектерде науқастарға білікті стационарлық медициналық көмек,
- күндізгі төсек-орындардағы стационарды алмастыратын медициналық көмек
келесі профильдер бойынша:
Бөлімдер |
Тәулік бойы
төсек орын саны |
Стационарды алмастыратын төсектердің саны (күндізгі) |
Терапиялық |
25 |
10 |
Неврологиялық |
20 |
10 |
Гинекологиялық |
40 |
15 |
Педиатриялық |
20 |
1 |
Тері-венерологиялық (ересектерге) |
20 |
10 |
Тері-венерологиялық (балаларға) |
5 |
0 |
|
130 |
46 |
Барлығы 135 тәулік бойы төсек орын, 46 орын күндізгі стационар оның ішінде 6 төсек орынға арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі бар. Негізгі бөлімшелерден басқа, клиникалық қызметтер бар: физиотерапия кабинеті, зертхана, рентген кабинеті, ЭКГ кабинеті, УЗИ, УЗДГ, ФГДС кабинеті. Стационарда «СМУ» КеАҚ («Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы) ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы орналасқан.
- Терапия бөлімшесінің меңгерушісі: Шерьязданова Гульмира Хамитовна, жоғары санатты дәрігер-терапевт.
- Күндізгі стационар меңгерушісі: Абишева Гульбаршин Когамбековна, жоғары санатты дәрігер невропатолог.
- Гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі: Матицина Елена Николаевна, жоғары санатты дәрігер-гинеколог.
- Педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі: Солтанбекова Альмира Мадриковна, жоғары санатты педиатр-дәрігер.
- Емхана меңгерушісі: Жунусова Жанар Дегеленовна, жоғары санатты дәрігер-дермато венеролог.
- Дерматовенерологиялық бөлімшенің меңгерушісі: Жанаева Салима Муратовна, жоғары санатты дермато венеролог.
Барлығы 51 дәрігер, 113 медбике жұмыс істейді. Дәрігерлердің санаттылығы -80,4% медбикелер-68,1% құрайды.