1. Науқас қабылдау бөлмесіне кіргенде өзімен бірге міндетті түрде болуы тиіс:
- ЖСН бар жеке куәлік (2013ж. бастап) емдеуге жатқызу түріне (жоспарлы немесе шұғыл) және жіберген мекемеден(БМСК, ПСТ, жедел жәрдем және т.б.) қарамастан, ЖСН жоқ емдеуге жатқызу мүмкін емес.
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР ДСМ 23.11.2010 жылғы №907 бұйрығына сәйкес күндізгі және тәулік бойы стационарға жіберу.
- тәуліктік стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде жолдама стационар жоспарланған емдеуге жатқызу күнімен және емдеуге жатқызуға келісімі туралы науқастың қолы қойылып және тиісті патология бойынша 10 күндік мерзімнен аспайтын тексерістің болуымен емдеуге жатқызу порталынан басып шығарылуы тиіс, қолында амбулаторлық карта болуы қажет.
2. Жоспарлы емдеуге жатқызу тек аптаның жұмыс күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
3. Неврологиялық бөлімшеге шұғыл жатқызу тек аптаның жұмыс күндері сағат 15.00-ге дейін (сенбі, жексенбі, мейрамдарды қоспағанда) жүргізіледі.
4. Күндізгі стационарға түсетін науқастар күндізгі стационарда тамақтанудың күндізгі стационар туралы ереже бойынша алынбағанын білуі тиіс.
Емдеуге жатқызу мәселелері бойынша телефондар арқылы хабарласуға болады:
- 44 55 26, 36-02-87 Алия Бейсембекқызы Есенгулова-емдеу ісі жөніндегі орынбасары
- 30-94-29 Ольга Анатольевна Утюганова-статистика кабинетінің меңгерушісі
- 30-94-48-қабылдау бөлмесі (және бөлімшелермен біріктіру)