Семей қ. №1 қалалық ауруханасы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ШЖҚ КМК

«Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы»

Шамшин Ержан Мағыпарұлы, ШҚО ДсБ әкімдігі ШЖҚ КМК «Семей қ.№1 қалалық ауруханасы»

071409, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Кабельді көлденең 1

Тел: (7222)34-82-35, 34-49-18

Ертістің қос жағалауына кеңінен жайғасқан Семей қаласы егемен Қазақстанның ауқымды және ең көрікті қалаларының бірі екендігі сөзсіз, әрі еліміздің рухани астанасы болып табылады. Көне мен жаңаның үйлесім тапқан қайталанбас келбетімен қоса, Семей республикамызда отбасылық-дәрігерлік емхана тәжірибесін енгізген алғашқылардың бірі болып табылады.  Әр науқастың даралап тілін табу, тұрғындардың денсаулығы мәселелеріне ықыласпен қарау және дәрігерлердің өз мамандықтарына деген шексіз махаббаттары қалалық денсаулық сақтау мекемесі қызметін ерекшелейді. Солардың қатарында Ертіс өзенінің сол жағалауы, Жаңа Семей аймағында орналасқан ШЖҚ КМК «Семей қ.№2 қалалық ауруханасы» ұжымы бар.

Бұл клиниканың тарихы сонау 1973 жылдан бастау алған: жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден астам жерді алып жатқан №1 қалалық ауруханасына арналған типтік үш қабатты кірпіш ғимарат пайдалануға берілген болатын. Бүгінгі таңда Қалалық ауруханада 160 тәуліктік, 12-стационар алмастырушы және 3-қарқынды терапия кереуеттері жұмыс жасауда. Аурухана әр түрлі бағыттағы науқастарға кәсіби және мамандандырылған көмек көрсетеді: терапиялық (60 кереует), неврологиялық (40 кереует), гинекологиялық (40 кереует), педиатриялық (20 кереует), күндізгі ем қабылдау палаталары, сондай-ақ қалпына келтіру және медициналық оңалтуларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтары бар.

Мұнда тәуліктік режімде қабылдау бөлімінің кезекші дәрігерлерімен шұғыл көмек көрсетіледі, КЩК анықтау үшін ерекше құралдармен жабдықталған әрі 167-ге тарта түрлі зерттеулерді жүргізетін клиника-диагностикалық зертхана өз жұмысын атқаруда. Қолданбалы диагностика кабинеттерінде ең жаңа рентген-аппараттар «Аксиом Иконос, R-100», жылжымалы рентген-аппарат «Basic-100-15», УДЗ, ЭКГ, «Спиро-100», тамырларды допплерографиялық зерттеу (ФГДС) орнатылған. Мекеменің бүгінгі таңдағы жеткен жетістіктері әрине білікті басшылардың ерен еңбектері мен маңдай терлерінің арқасында екендігі сөзсіз, соның ішінде КМҚК-ның қазіргі басшысы Рыспаев Әлмұрат Соланұлын атап өтпеске болмас.

Шамшин Ержан Магыпарұлы:  «өзіне талап қоя білу, ұстанымдылық пен мақсат қоя білушілік –нағыз медициналық қызметкердің сапасын анықтайтын қасиеттер» - дей келе, мекемеміздің табысының кепілі ұжымның жоғары кәсіби біліктілігі (қызметкерлер білімдерін жетілдіруде, соның ішінде Ресейде), науқастарға деген мейірімділік пен қамқорлық қарым-қатынастың жасалуында екендігін атап көрсетеді. Стационар базасында СММА ересектер мен балалардың ішкі аурулары, акушерлік пен гинекология пропедевтикасы кафедрасы орналасқан. Ғылыми қызметкерлер науқастарға емдік-кеңес беру қызмет түрлерін ұсынады, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін жоғарлату бойынша курстарды ұйымдастырады. Барлығы ауруханада 32 дәрігер мен 88 мейірбике қызмет жасауда, мамандардың барлығы дерлік атқаратын лауазымына сәйкес категорияға ие.

Стационар сол жағалаудағы ересектер мен балаларға бірдей медициналық көмек көрсететін жалғыз мекеме болып табылады және жақын елді-мекендерге: Жаңа Семей, Бородулиха, Абралы аудандарымен қатар шеткері орналасқан  Суық бұлақ, Жоламан, Комсомол, Юность, Кірпішті кенттеріне, ШҚО қашықта орналасқан Ұржар, Мақаншы және өзге де аудандарына медициналық көмек көрсетеді. Барлығы 130 мыңға жуық адам ем қабылдаған. Ұжымның халық денсаулығын сақтаудағы жетістіктері тек қана қаланың емес, сондай-ақ облыстың  жалпы Республиканың денсаулық сақтау және демографиялық ахуалын жақсартуғы қосқан үлкен үлесі болып табылады. Салиқалы мемлекеттік саясат пен әлеуметтік бағдарламалар мекеменің үнемі дамуына ынталандырады.

Терапия бөлімінде кардиологиялық, пульмонологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық және өзге де өткір әрі созылмалы патологиялары байқалатын науқастар қаралуда. Неврология бөлімі мамандарының көп жылғы тәжірибесі перифериялық жүйке жүйесі ауруларымен, соның ішінде остеохондроздар мен протрузия дискілерін емдеуде нейрохирургиялық араласусыз күресуге мүмкіндік беруде. Дәрігер тағайындаған емдік дәрі-дәрмектермен қатар ЕДТ, емдік бөгеу, психотерапия әдістері қолданылады. Аурухананың гинекология бөлімі - Семей қаласындағы бағдарлық отаның барлық түрлері жасалатын, жүктілікті медициналық тоқтату (12 аптаға шекті) жүргізілетін мемлекеттік лицензияға ие болғандардың бірі. 2012 жылдан бастап осы жерде қала бойынша ургенттік кезекшілік ұйымдастырылған болатын.

Ауруханада емделу кезінде қолайлы жағдайлар жасау, клиника ғимаратындағы мінсіз тазалық пен тәртіп, дәрігерлердің мүлтіксіз  кәсібилігі, медициналық қызметкерлер тарапынан моральдық көмек пен мейірімді қарым-қатынасты барлық №2қалалық ауруханасында емделген науқастар атап өтуде. Қиын жағдайға тап болған жағдайда адамдар көбінесе осы аурухана бөлімшелерінің бірінен ем қабылдауға тырысады, себебі олар стацинарда ауруларын жеңіп шығатындай науқастарға сапалы кепілдендірілген көмек көрсетілетіндігіне сенімді.

 

 

П.1 «Соның ішінде Ертістің сол жағалауында орналасқан – сол жағалаудағы жалғыз көп салалы емдеу мекемесі болып табылады».

П.2 «Құрылу тарихы...» 1973 жылы Еткомбинатының медсанчасті ретінде іргесі қаланған, кейіннен №2 қалалық аурухана атауына өзгерткен.

 

Мекеменің атақты басшылары: Зырянов Юрий Алексеевич, Нығматтуллина Ғалия Гашимқызы, Грицаенко Виктор Григорьевич, Бербер Галина Александровна, Оразбаев Мұхаметкәрім Кәрімұлы және т.б.