Семей қ. №1 қалалық ауруханасы

 

Сіздер медицина саласында табан аудармай еңбек етіп, «мейірімділік мектебінің» нағыз ұстаздарына айналдыңыздар. Науқастың жанына дәріден бұрын жылы сөзбен шипа бердіңіздер.

Бүгін міне, құрметті зейнет демалысқа аттанып барасыздар. Осынау жаңа кезең тек қуаныш пен бақыт әкелсін. Еңбекпен өткен әр күніңіз бүгін абырой болып алдарыңыздан шықсын. Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден шуақ кетпесін! Бүгін біз арамыздан үлкен тәжірибесі бар, өз ісінің хас шеберлері — білікті эпидемиолог пен ардақты мейірбикемізді зейнетке шығарып салып отырмыз.

Біріңіз — аурудың алдын алып, қоғам саулығын күзеттіңіз;

Біріңіз — науқастың жанында болып, мейірім төктіңіз.

Сіздердің қатар жүріп атқарған еңбектеріңіз біз үшін үлкен мектеп. Зейнеткерлік өмірлеріңіз қызықты оқиғаларға, немерелеріңіздің күлкісіне толсын. Еңбектеріңіз еленіп, еліміздің мақтанышы болып жүре беріңіздер!