Семей қ. №1 қалалық ауруханасы

 

Медициналық сақтандыру қоры бұл сұраққа толық жауап береді.

Медициналық сақтандыруға аударылған төлем медициналық көмектің сақтандырылған пакетін алуға мүмкіндік береді. Ол тегін көрсетілетін медициналық көмекке қарағанда кең көлемде көрсетіледі. Сондықтан сақтандырылған азаматтардың тексеруден өту мен емделу бойынша алаңдауының қажеті жоқ. Сақтандырылмаған азаматтарға қарағанда олардың медициналық көмек алуда мүмкіндігі жоғары болмақ.

Ал, ештеңе төлемейтін азаматтар да медициналық көмексіз қалмайды. Олар учаскелік терапевке қарала алады, ең аз көлемдегі талдауларды тапсырып, тексерілуге және кейбір аурушаңдықтар болса емделуге мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, барлық азаматтарға бірдей  жедел медициналық жәрдем тегін көрсетіледі.

Кім қанша төлейді?

Заң бойынша еліміздің барлық жұмыс істейтін тұрғындары табысынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеулері қажет. Ағымдағы жылы бұл аударымдарды тек жұмыс берушілер ғана – жалдамалы жұмысшы жалақысының 1,5 пайызын аударуда.

Сіздің қайда жұмыс істейтініңіз маңызды емес: мемлекеттік немесе жекеменшік салада болсын жұмыс беруші аталған төлемді аударуға міндетті. Сондай-ақ, бүгінгі төленіп отырған 1,5 пайыз кәсіпорынның немесе мекеменің жалақы қоры есебінен төленеді. Сіздің алып отырған жалақыңыздан ұсталмайды!

Оны анықтау үшін ай сайын берілуге тиісті есептеу парағына үңілсеңіз аталған аударымды көруге болады. Жұмыс берушінің әлеуметтік медициналық сақтандыруға  жасаған аударымы жеке жолда көрсетілген: ағымдағы ай мен жыл басынан аударылған аударым. «Ұстап қалу» бағанына назар аударып қарасаңыз бүгінгі күні  әлеуметтік медициналық сақтандыруға жалақыдан ешқандай аударым ұсталмағанын көруге болады.

Есептеу үлгісі:

2019 жыл

Есептелді   - 100 000 теңге

Әлеуметтік медициналық сақтандыруға  аударым – жоқ

Жұмыс беруші аударымы – 1500 теңге

Ал, келесі 2020 жылы медициналық сақтандыру енгізілгенде жағдай өзгеретін болады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші Сізге есептелген жалақының 1 пайызын (2022 жылы – 2 пайыз)  ұстап, медициналық сақтандыру қорына аударады. Аударымды ұстап қалудың ең жоғарғы деңгейі – 10 ең төменгі жалақыны құрайды.

Жұмыс беруші де өзінің қызметкері үшін аударым жасауын жалғастырады: 2020-2021 жылдары 2 пайыз, 2022 жылы – 3 пайыз.

Есептеу үлгісі                                                                                                              Есептеу үлгісі

2020-2010 жылдары                                                                                                   2022 жылы

Есептелді – 100 000 теңге                                                                        Есептелді – 100 000 теңге

Әлеуметтік медициналық                                                                      Әлеуметтік медициналық

сақтандыруға аударым  – 1000 теңге                   сақтандыруға аударым  – 2000 теңге

Жұмыс беруші аударымы – 2000 теңге                 Жұмыс беруші аударымы – 3000 теңге

Өзі үшін кімдер төлейді?

Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының қатысушылары және жеке практикамен айналысатын тұлғалар (жекеменшік адвокаттар, сот орындаушылары және басқалар). 2020 жылдан бастап ай сайын 1,4 ең төменгі жалақының 5 пайызы мөлшерінде сақтандыруға  жарна аударатын болады. Ағымдағы жылдың құны бойынша есептесек жарна 2975 теңгені құрайды.

Есептеу үлгісі:

2019 жылы ең төменгі жалақы – 42500 теңге

42500 теңге Х 1,4= 59500 тенге

59500 теңгенің 5% = 2975 теңге

 

Ең төменгі жалақы жыл сайын өзгеріп отыратындықтан 2020 жылы жарна сомасы басқа болуы мүмкін.

Қазақстаннның барлық басқа тұрғындары (дербес төлеушілер) ең төменгі жалақының 5 пайызы мөлшерінде медициналық сақтандыруға аударым жасауына болады. 2019 жылмен есептесек бұл 2125 теңгені құрайды.

Есептеу үлгісі:

2019 жылы ең төменгі жалақы – 42500 теңге

42500 теңгенің 5% = 2125 теңге

Егер  тұрақты табысыңыз немесе ресми еңбек шартыңыз болмаған жағдайда да медициналық сақтандыруды рәсімдеуге болады. Бұл мүмкіндік өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен қазақстандықтарға, яғни жалдамалы еңбекті қолданбай басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсететін адамдарға  берілген. Мысалы, өз бақшасының жеміс-жидектерін сататын, бала бағушы немесе репетиторлықпен, үйде комьютерлік қондырғылар орнатумен айналысатын тұлғалар.

Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін тұлғалар ағымдағы 2019 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуге болады. Аз ғана аударым жасап (0,5 – 1 еЕТЕК) азамат үш әлеуметтік жүйенің: зейнетақы жүйесінің  (еңбек өтілі жүретін болады), әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы бола алады. Кемінде үш ай қатар төленген бірыңғай жиынтық төлем 2020 жылы медициналық қызметтің сақтандырылған пакетіне жол ашады. 

Есептеу үлгісі:

Республикалық және облыстық маңыздағы қалалар үшін БЖТ көлемі – 1 еТЕК

(2019 жылы 2525 теңге)

Барлық басқа елді мекендерде  – 0,5 еТЕК  (2019 жылы 1263 теңге)

Білу маңызды! Медициналық сақтандыру Заңмен көзделген. Жұмыс берушілер, ЖК, жеке практикамен айналысатын тұлғалар тарапынан аударым жасалуын мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін орындау қағидасы бойынша қадағалайтын болады.  Төлемді кешіктіргені үшін өсімақы алынады, төлемеушілердің  шоттарына тыйым салынады.